«Хрустальді пирамида» «Жылдың үздік компаниясы» «Тұрғын үй құрылысы» номинациясының бас жұлдесі 2007 ж. |
«Хрусталь сайлығы» 2003-2006 жылдардағы екінші республикалық ұздік архитектуралық туындылар байқауында Халықаралық архитектура академиясының «Yздік құрылыс компаниясы» номинациясы бойынша сайлығы иеленді. |
|
 Біздің жобалар |
|
| |

Cалынған объектілер
«Науаи» тұрғын үй кешені. | «На Байганина» тұрғын үй кешені. | «Керемет» қоғамдық-іскерлік және тұрғын үй кешені. | Ыстықкөлдегі «Три короны» қонақ үйі. |

Cалынып жатқан объектілер
«Науаи» тұрғын үй кешені.
|

Келешектегі объектілер
«Тұмар» тұрғын үй кешені. |
Компания жайлыма

Көпсалалы «ВЕК компаниясы» 2002 жылдың 19 мауысымында құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыты құрылыс. «Эксклюзив» және «National Business» сараптамалық журналдарының cарапшы мамандарының мәліметтері бойынша «ВЕК корпорациясы» алматылық ірі құрылыс компанияларының бестігіне және Қазақстанның жүзден астам ең ірі компанияларының қатарында. 2003 жылдың наурыз айынан бері «ВЕК корпорациясы» Қазақстан құрылысшылар қауымдасытығыныың мүшесі. Мәскеулік халықаралық бизнес-қауымдасытығының құрамында. Архитектура, қала құрылысы мен құрылыстағы атқарған қызметтері үшін 2002 жылдың 7 тамызында Қазақстан Республикасы Сауда және экономика министрлігінде № 009516 мемлекеттік лицензиясы берілді. 2005 жылдың 21-ші маусымында аталмыш компания сауда белгілері мемлекеттік реестрінде тіркелді. «ВЕК корпорациясы» өзін бизнестегі сенімді серік етіп көрсете білді.
Компанияны жоғары деңгейлі топ-менеджерлер басқарады. Олардың қатысуымен еліміздегі қала нысандары, ірі өндіріс орындары салынды. Өткен ғасырдың жетпісінші-сексенінші жылдары Еліміздің астанасы болған Алматыға ерекше кескін беретін «Қазақстан», «Отырар», «Алматы» қонақ үйлері сияқты үлкен ғимараттар салынды. Телеорталық, Цирк, жаңа алаңдағы архитектуралық нысандар, Ғылым академиясының кешені, ҚазҰУ ғимараттары тағы басқа құрылыс нысандары бой көтерді.
«ВЕК корпорациясы» компаниясының жұмысшылар тобы сонымен қатар Қазақстанның қаржы және мәдениет орталығы – Алматының сыртқы келбетіне, де көңіл бөлуде. Көне құрылыс орындарын көшіру және Наурызбай батыр көшесі мен Сейфуллин даңғылдарын қалпына келтіру шығындарын көтерді. Компания қала үшін маңыздылығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бағалаған жаңа жол айырықтарының құрылысына қатысты. Бүгінгі таңда компания Алматы қаласындағы ірі екі құрылыс нысандарының құрылысымен айналысуда. Компания мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына айтарлықтай үлес қосып келеді. «ВЕК корпорациясы» компаниясының тобы 150 мың шаршы метр тұрғын үй және коммерциялық нысандарды салып, пайдалануға берді. Оның 78 мың шаршы метрі 2006 жылдың үлесіне келеді.
«ВЕК корпорациясы» – жылжымайтын мүліктерді сатып алу мен сату жүйесінде жаңалық енгізуші: компания көмегімен пәтерлердің үлгісі жасалған үлкен залдары бар Қазақстандағы ерекше «Model House» жылжымайтын мүлік орталығы ашылды. Мұндай ерекше технология Оңтүстік Кореядағы әріптестерінен алынған. 2006 жылы жылжымайтын мүліктен түскен кіріс 90 миллион долларды құрады.
Компанияның әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын құру, мемлекеттік бюджетке уақытылы салық төлеу, қайырымдылық және демеушілік шаралар өткізумен байланысты жүзеге асады. Компания құрылғалы бері қайырымдылық және демеушілік шараларға 1 миллион доллардан астам қаржы бөлінген. Сонымен қатар, «ВЕК корпорациясы» соғыс ардагерлеріне, балалар үйлеріне, аз қамтылған отбасыларына, спорттық шараларға, қоғамдық бірлестіктерге тұрақты көмек көрсетіп тұрады.
Компанияның стратегиялық мақсаты – Қазақстанда және басқа елдерде жылжымайтын мүлік құрылысының көлемін арттыру; тұрғындардың әр түрлі талап-тілектерін қанағаттандыру; құрылыс саласында және баспаналарды сатуда жаңа технологиялар енгізу болып табылады.
Компанияның құрылыс саласындағы жетістіктері халықаралық ұйымдармен бағаланды. 2006 жылдың 26 желтоқсанында «ВЕК корпорациясы» ЖШС-гіне құрылыс саласындағы жаңа технологияларды дамытуға қосқан үлестері үшін Ұлы Петр атындағы ІІ дәрежелі ордені табыс етілді.
Ұлы Петр ордені мемлекеттік, өндірістік, ғылыми-зерттеу, әлеуметтік, мәдени, қоғамдық және қайырымдылық қызметтері үшін берілетін Ресей Федерациясының ең жоғары қоғамдық марапаты болып есептеледі.
2006 жылдың қыркүйек айында «ВЕК корпорациясы» 2003-2006 жылдардағы екінші республикалық үздік архитектуралық туындылар байқауында Халықаралық архитектура академиясының «Үздік құрылыс компаниясы» номинациясы бойынша хрусталь сыйлығын иеленді.
2007 жылдың қазанында «ВЕК корпорациясы» «Жылдың үздік компаниясы» танылып, «Хрустальді пирамида» бірінші қоғамдық құрылыс премиясымен мараптталды.
2007 жылдың желтоқсанында «ВЕК корпорациясы» «Еуропалық сапа» халықаралық премиясының лауреаты атанды. Бұл марапат өнім мен қызметі жоғары сапалы еуропалық стандарттарға сай келетін бәсекеге қабілетті ұжымдарға және оның жетекшілеріне беріледі.
|
|
|
3 қыркүйекте «Цезарь» кинотеатрында қоюшы режиссерлар Сергей Бодров- старший және Гука Омарованың қатысуымен «ВЕК Корпорациясы» ЖШС қызметкерлері мен жолдас- жораларына арналған «Дочь Якудзы» атты жаңа комедиялық фильмнің премьералық көрсетілімі өтті ...
«Қазақстан КВН Ашық Лигасы» қоғамдық жастар ұйымының қолдауымен 29 сәуірде Қазақстан Республикасының КВН Ашық Лигасының ¼ финалы өткізілді ...
|
| Корпорация "ВЕК" © Copyright 2010 all rights reserved |
|
|